Елордадан бір түнде 2,5 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Елордадан бір түнде 2,5 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күн сайын қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

19 сәуірге қараған түні қаладан 36 мың текше метрден астам қар немесе 2567 рейс шығарылды.

Таңертең елорданың көшелері мен жолдарын қар мен мұздан 2 307 жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника тазартты.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан төрт миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 328 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қала тұрғындары көктайғақ кезінде қозғалыс ережесін сақтауы, жүргізушілер жолда мұқият болуы және қауіпсіз қашықтықты сақтауы қажет.