Астанада туберкулез көрсеткіші үштен бірге азайды

Астанада туберкулез көрсеткіші үштен бірге азайды

Елордада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жылдан жылға жақсарып келеді. Соңғы бес жылда сырқаттанушылық -29,3%-ға төмендеді. Бұл туралы онлайн брифингте Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Соңғы 5 жылда қала бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3%-ға, ал өлім-жітім 39,3%- ға төмендеді, бұл туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

Спикердің мәліметінше, 2020 жылы туберкулезбен сырқаттанушылықтың 23,6%-ға күрт төмендеуі байқалды (алдыңғы жылдары жылына орта есеппен 8-9%-ға төмендеу байқалды), бұл COVID-19 пандемиясына байланысты қаланың МСАК ұйымдарында туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды шектеуге байланысты болды.

«Бұдан әрі МСАК ұйымдарында туберкулезді анықтау бойынша іс-шаралар күшейтілді, бірінші кезекте «жоғары тәуекел» топтарында. Тиісінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылықтың 11,2%-ға өскені, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылықтың 9,3%-ға азайғаны байқалды», — деді Досмырзаева.

Қазір елордада қала тұрғындарына профилактикалық флюорографиялық тексеру жүргізу үшін ведомстволық бағынысты МСАК ұйымдарында 19 стационарлық және 12 жылжымалы флюорографиялық қондырғылар бар.

Үш МСАК ұйымында (4, 5, 7 емханаларда) және қалалық фтизиопульмонология орталығында ауруды диагностикалаудың жоғары сезімтал гендік-молекулалық әдістерінің көмегімен туберкулезге пациенттерді тексеру жүргізіледі.  

Зерттеу екі сағат ішінде патогеннің бар-жоғын анықтап қана қоймай, сонымен қатар дәрілік сезімталдықты анықтауға мүмкіндік береді, яғни емдеудің тиімді режимін тағайындайды.

Сонымен қатар, амбулаториялық кезеңде ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастарға елордада әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осыған дейін: азық-түлік жиынтықтары мен жол жүру карталарын бөлу түрінде, ал 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде.

Спикердің айтуынша, ауруды бақылауды қамтамасыз етуде «жоғары тәуекел» топтарында туберкулезді анықтау бойынша серіктес ретінде ҮЕҰ тарту маңызды болып саналады.

Айта кетейік, бүгін 24 наурызда елордада қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 24 ақпанда өткізген «Біз туберкулезді жеңе аламыз» айлығы аяқталды.

«Айлық аясында халықтың туберкулез мәселелері бойынша мәліметтерді көбейтуге және осы аурумен күресте қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді.

Биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні бүкіл қоғамның күш-жігерін ортақ мақсатқа бағыттауға арналған: өмірді құтқару», — деп қорытындылады Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.