Киіз үйлер, тәтті-дәмділер, концерттер: Байқоңыр ауданында Наурыз мерекесіне орай

Киіз үйлер, тәтті-дәмділер, концерттер: Байқоңыр ауданында Наурыз мерекесіне орай

21 және 22 наурызда Байқоңыр ауданының саябақтарында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді. Алаңдарда киіз үйлер орнатылады, жұртшылыққа арнап эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ататүрік саябағында және Жазушылар аллеясында тарихтың ұлы тұлғаларына арналған көрме киіз үйлері орналасады. Мұнда қазақстандық эстрада жұлдыздарының, қала әртістерінің және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Мереке қатысушыларына бауырсақтар, ыстық тағамдар мен басты тағам – наурыз көже таратылады.

Іс-шараны қазақ батырлары, бүркіт, құмай тазы бейнесіндегі сахналық костюмдердегі актерлер безендіреді. Сондай-ақ, ашық аспанда мерекелік көңіл күй орнату үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан ұйымдастырылады.

Жеке спорт алаңында ұлттық спорт түрлері бойынша – гір көтеру, армрестлинг, кой котеру, арқан тарту, асық ату және қазақша күрес жарыстары өткізіледі.

Мерекелік іс-шаралар Өндіріс, Кирпичный, Қазқалашық елді мекендерінде де өткізілетін болады.

Мұнда киіз үйлер, фотоаймақтар, алтыбақан орнатылады, концерт өткізіледі және ұлттық тағамдар үлестіріледі. Іс-шара қонақтары асық ату, армрестлинг, арқан тарту, гір спорты және т.б. жарыстарда өз шеберліктерін көрсете алады.

Мерекелік іс-шаралар сағат 12-ден бастап Тәшенев көшесіндегі Ататүрік саябағында, Абай-Сембинов қиылысындағы Жазушылар аллеясында, Өндіріс елді мекеніндегі Ақбидай көшесі, 6 мекенжайында орналасқан гүлзарда, Жолымбет-Чехоев көшесінде, Қазқалашықтағы №55 мектеп аумағында, Кеншілер көшесі 5А мекенжайында өтеді.