Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке 10 наурыз күні Халықты жұмыспен қамту орталығында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 10 наурызында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алимент төлемдері бойынша борышкерлер үшін, сондай-ақ бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де Бейбітшілік, 9 мекенжайында өтеді.