Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беріледі

Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беріледі

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордада 30 мыңға жуық көпбалалы ана, отбасы, аз қамтылған тұрғындар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес Халықаралық әйелдер күніне орай елордада тіркелген және тұрақты тұратын 30 мыңға жуық көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылғандарға 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

Төлем Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы" филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тізімдері негізінде жүргізіледі.