Астана әлемнің топ-21 зияткерлік қалаларының қатарына енді

Астана әлемнің топ-21 зияткерлік қалаларының қатарына енді

Астана Intelligent Community Forum нұсқасы бойынша Smart21 community of 2023 ең зияткерлік қалаларының ТОП-21 қатарына енді. Ұсынылған қалалардың, елді мекендердің немесе аймақтардың әрқайсысы қоғамды мықты әрі тұрақты ететін инклюзивті қоғам, экономикалық өркендеу, әлеуметтік денсаулық және мәдени байлық құруға арналған алты қағиданы қолданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рейтингті бағалау негізінде келесі көрсеткіштер алынды:
* Экономикалық өсу үшін қажетті цифрлық негізді қамтамасыз ету және желіге кең жолақты қосылу;
* Цифрлық технологияларды қолжетімділікпен, оқытумен және цифрлық технологияларды енгізуді ынталандырумен біріктіру;
* Білім мен цифрлық дағдылар арқылы құндылықты арттыра алатын мамандардың жергілікті сұранысын қанағаттандыру;
* Инновациялық серіктестіктер мен ақылды қалаға инвестициялар арқылы өсуді құру;
* Азаматтардың энергиясы, өмір сүру сапасын жақсарту және үлкен экономикалық мүмкіндіктер беру;
* Азаматтармен білім беру серіктестігін құратын цифрлық құралдармен өзара іс-қимылды кеңейту.

Сондай-ақ, Астана Smart centres Index ақылды қалалар рейтингінде Мәскеуді (68), Варшаваны (67), Римді (65) басып озып, 64-орынға ие болды.

Рейтингтің мақсаты – инвесторларға, үкіметтерге және реттеушілерге қалалардың жаңа технологияларға, инвестицияларға, өнімдерге арналған технологиялық орталықтар ретіндегі тартымдылығын олардың реттеу жүйесін, инновациялардың даму деңгейін, ғылым, технология, энергетикалық жүйелер, машиналық оқыту, қауіпсіздік және финтехтің дамуын өлшеу арқылы бақылауға көмектесу.

SCI компания бағалайтын қалалардағы инновациялар мен технологияларға қатысты үш аспектіні бақылайды:
* Innovation Support (инновацияларды қолдау) – қаладағы инновациялар мен технологияларды реттеуші және басқа да мемлекеттік органдар көрсететін қолдау;
* Creative Intensity (креативті қарқындылық) – қаладағы технологиялық және инновациялық қызметтер мен мүмкіндіктердің қарқындылығы;
* Delivery Capability (енгізу әлеуеті) – қалада жүргізілетін технологиялық және инновациялық жұмыстардың сапасы.

Астана 2022 жылы алғаш рет Smart centres Index алтыншы басылымына енді. Зерттеу тобы қаладағы инновацияларды қолдау деңгейін жоғары бағалады және оны 650 балға бағалады, бұл Токио, Сеул, Пекин, Сиэтл қалаларынан жоғары.