Астанада автомобильдердің автобус жолағымен жүру мүмкіндігі қарастырылуда

Астанада автомобильдердің автобус жолағымен жүру мүмкіндігі қарастырылуда

Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақшада қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталды, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады.

Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады. Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады. Онлайн дауыс беру сілтемесі https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/vote/6?lang=kk