Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда әкімінің Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі 9 ақпан күні сағат 11:00-де №54 мектеп-лицейінде өтеді.
Кездесудің онлайн-форматтағы тікелей трансляциясын аудан әкімдігінің Facebook желісіндегі «Байқоңыр ауданының баспасөз қызметінің» (https://www.facebook.com/profile.php?id=100039180743930&mibextid=LQQJ4d) парақшасында көруге болады.