Астанада спорттың 10 түрінен «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

Астанада спорттың 10 түрінен «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

Биыл елордада жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі 19 ақпанда өтеді. Қатысуға барлық ниет білдірген кез келген адам жіберіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қысқы фестиваль аясында елордада спорттың 10 түрінен жарыстар өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын беріледі.

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.