«Халық қатысатын бюджет»: астаналықтарға абаттандыру жобаларын құру жолы көрсетілді

«Халық қатысатын бюджет»: астаналықтарға абаттандыру жобаларын құру жолы көрсетілді

Елорда тұрғындары үшін дәріс ұйымдастырылып,«Халық қатысатын бюджет» жобасының ережелері туралы айтылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Бағдарламаның критерийлері туралы айтылып, қала тұрғындарының дауыс беру кезеңіне жіберілетін жобаны қалай жасау керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.

«Бүгін абаттандыру бағдарламасы бойынша дәріске қатыстық. Дәріс барысында ережелер толық түсіндірілді. Бұрын бәрі ойдан шығарылған сияқты көрінетін, енді көп нәрсе түсінікті болды. Көршілермен бірге өз жобамызға қатысуды және әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Біз жеңіске жетеміз деп үміттенеміз», — деді елорданың Анар есімді тұрғыны.

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен дәріс тегін ұйымдастырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, қаланың үш ауданында – Сарыарқа, Есіл және Байқоңыр – тұрғындардың «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдерін қабылдау жүріп жатыр. Қала тұрғындары аулаларын күрделі жөндеу, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер салу, ауданды көгалдандыру және т.б. туралы жоспарларын ұсына алады. Қатысушылар нақты өзгерістерді және жоба үшін қажетті соманы көрсете отырып, абаттандыру жоспарын әзірлеуі керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудан әкімдіктерінің ресми сайтына жүктейді.