Білім басқармасының алқа отырысы: жетістіктер мен алдағы межелер

Білім басқармасының алқа отырысы: жетістіктер мен алдағы межелер

Елордада қалалық Білім басқармасының алқа отырысы өтті. Онда 2022 жылдың қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспар туралы айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлбақыт Серікжанқызы, Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Асима Бимендина және Білім басқармасының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер қатысты.

Алқа отырысында алғаш болып Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы баяндама жасады. Ол елордадағы білім беру сапасына тоқталып, 2023 жылға арналған жоспарды, оның шеңберінде атқарылатын іс-шаралармен бөлісті. Биыл тәрбиешілерді біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Биыл балабақшалардағы орындарды ұлғайту мақсатында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 8 000 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша 200 орынға арналған балабақшалар желісі ашылады.

«Былтыр балабақша тәрбиешілерінің 120 педагогі қайта даярлау курстарын және 641 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарынан жалпы 1 012 тәрбиеші өтеді. 2025 жылға дейін бейінді білімі бар тәрбиешілердің үлесін кезең-кезеңімен 100%-ға жеткізетін боламыз», - деді басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Басқарманың ақпаратына сәйкес 2023 жылы 34 балабақшадағы шағын сәулет нысандары ауыстырылады. 2025 жылға дейін балабақшалардағы шағын сәулет нысандары 100% жаңартылады.

Айта кетерлігі, 2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1 400 орынға педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. 2022 жылы 3 077 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтсе, 2023 жылы 5481 педагог курстан өтетін болады.

Биыл мектептерде көркем әдебиет қорын ұлғайту мақсатында бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Кітапханалардың интерьерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда қаланың 36 мектебінде кітапханалар заманауи жабыдықталды. Елордалық 46 мектепте оқырмандарға арналған коворкинг (сoworking) аймақтары ашылды. 2023 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін 19 мектеп кітапханаларының интерьері (редизайн) жаңартылып, жаңа коворкинг орталықтары ашылады.

Одан өзге, 2022 жылы 41 мектепке 64 пәндік кабинеттер сатып алу арқылы мектептердің 70,3%-ы жаңартылған пәндік кабинеттермен жабдықталды. 2023 жылы 22 мектепке 29 пәндік кабинет сатып алынады.
Биыл да, қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жалғасады. 2023 жылы қаламызда 2000-нан астам оқушыны қамтитын, 1 оқушылар сарайы іске қосылады. Қосымша білім беру ұйымдарына 1 364 орынға мемлекеттік тапсырыс орнатылады.

Бұдан бөлек, 2022 жылы инклюзивті білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс 2021 жылмен салыстырғанда 12 орыннан 97 орынға дейін ұлғайтылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы 4800 орыннан 7300 орынға дейін ұлғайтылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 8 500 орынға дейін көбейеді.