Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кезекте тұрған отбасыларды қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қала тұрғындарын барынша қамту үшін апта сайын азаматтарды жеке қабылдаймын. Бүгін қабылдауымда бірқатар проблема көтерілді. Ол мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстаймын.
Қазір қабылдауымда 100-ден астам отбасы кезекте тұр, ал олардың қатары уақыт өткен сайын артып келеді. Проблемаларды барынша жедел шешуге тырысамыз. Азаматтарды қабылдау жұмысы апта сайын өткізіледі, оның ішінде қала тұрғындарымен жергілікті орындарда кездесуді де жалғастырамыз.
Азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталы немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады. Өзара байланысты күшейтуде әлеуметтік орталықтардың да көмегі зор: «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14), Тұрғын үй саласында қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32)», - деп жазды елорда әкімі.