Елордада қолайлы инвестициялық ахуал қалай құрылады

Елордада қолайлы инвестициялық ахуал қалай құрылады

Астананың әрбір үшінші тұрғыны – кәсіпкер, мұнда 201 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Елорданың инвестициялық тартымдылығы туралы онлайн брифингте қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкім орынбасарының айтуынша дамытуға, жұмыс орындарын, заманауи инфрақұрылымды құруға қаражат салуға дайын инвесторлар үшін Астана әрдайы ашық.

Ол жоғары технологиялық және инновациялық өнеркәсіптік өндірісті дамытуды, көлік-логистикалық кешенді кеңейтуді, сондай-ақ әлеуметтік саладағы жобаларды іске асыруды басым бағыттар деп атады.

«Астана – елдің инвестициялық қақпасы, инвестициялар мен инвесторлар үшін тартымды. Біз капитал ағыны үшін қолайлы климат құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жыл басынан бері шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция тартылды. Егер салынған инвестициялардың құрылымын қарасақ, 53% немесе 633 млрд теңге құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі, 9% немесе 107 млрд теңге көлік және қоймалау саласына тиесілі, өнеркәсіп үлесіне 6% немесе 76 млрд теңге тиесілі», - деп хабарлады Бекмурзаев.

Инвесторлардың елордада жайлы болуы және рәсімдерді жеңілдету үшін барлық кезеңде әкімшілік кедергілер азаяды, бизнестің мемлекеттік органдармен байланысы барынша азайтылады.

Ол үшін елордада «бір терезе» форматында «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Компанияның қызметі инвестицияларды тартуды және жобаларды сүйемелдеуді, арнайы экономикалық аймақтарды басқаруды, сондай-ақ туризм мен МЖӘ-ні дамытуды қамтиды.

«Бүгінгі таңда инвесторлар мемлекеттік қолдау шараларын, атап айтқанда инвестициялық келісімшарт негізінде берілетін инвестициялық преференцияларды, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамаға сәйкес берілетін АЭА жеңілдіктерін белсенді пайдаланады», - деп толықтырды спикер.

Инвестициялық келісімшарт тетігі бойынша инвесторларға бірқатар жеңілдік беріледі: жер учаскелері, кедендік баж салығынан босату, салықтық жеңілдіктер және ШЖК тарту. Сондай-ақ жақында бизнесті қолдаудың жаңа құралы – 25 жылға дейінгі мерзімге жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жеңілдіктерді білдіретін инвестициялар туралы келісім енгізілді. Инвестициялық преференцияларды алудың маңызды шарты жобаның басым қызмет түрлерінің бекітілген тізбесіне сәйкестігі болып саналады.

«АЭА тетігіне келетін болсақ – «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймақтарының қатысушылары үшін жер учаскелері түріндегі преференциялардан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босату, шикізат пен жабдықты әкелу кезінде кедендік преференциялар, шетелдік жұмыс күшін тартудың оңайлатылған тәртібі беріледі», - елорда әкімінің орынбасары қосты.

Қолдау шараларын алуға Astana Invest тегін жәрдемдеседі. Компания жер учаскесін ресімдеуден бастап және Астана экономикасына ықтимал қайта инвестициялау үшін объектілерді пайдалануға бергеннен кейін жобаларға қатысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі.

«Бүгінгі таңда Astana Invest портфелінде 2,6 трлн теңгеге 270 инвестициялық жоба бар, олар 33 мың жұмыс орнын құруды көздейді, оның ішінде 65 жоба іске қосылды. Инвестиция сомасы 357 млрд теңгені құрайды, 7,2 мың жұмыс орны ашылады. 2,3 трлн теңге сомаға 205 жобаны іске асырудың түрлі кезеңдерінде 26,1 мың жұмыс орнын құру күтілуде», - деп толықтырды Ерлан Бекмурзаев.