Елордалық Әділбек Мусин жүзуден 100 м баттерфляй қашықтығында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Елордалық Әділбек Мусин жүзуден 100 м баттерфляй қашықтығында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Мельбурнде өтіп жатқан 16-шы FINA әлем чемпионатында елордалық жүзуші Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Алдын ала жүзу кезінде ол 100 м баттерфляй қашықтығын 0:50,64 секундта бағындырды, бұл ҚР-ның жаңа рекорды болып саналады.

Жартылай финалда Әділбек 15-ші орынды иеленді.

Аделаида Пчелинцева брасстан 50 м қашықтықта 0:30,87 нәтижесін көрсетті.