Астанада көлік қозғалысына арналған көпір ашылып, 400-ден астам көше жөнделді

Астанада көлік қозғалысына арналған көпір ашылып, 400-ден астам көше жөнделді

Астанада ашылған және жөнделген көшелердің саны 400-ден асты, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан. Сондай-ақ Ұлы дала даңғылының бойында көлік қозғалысына арналған көпір ашылды, ал Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тағы бір көпір 2023 жылы ашылады. Осыған дейін кешенді көлік схемасының (ККС) тұжырымдамасы бекітілген болатын. ККС халықтың жыл сайынғы өсуін және көлік нөпірінің артқанын ескеріп, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Осылайша биыл тамыз айында Ұлы дала бойында ашылған көпір Мәңгілік ел даңғылын, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova City ауданынағы, "Мыңжылдық" аллеясындағы көлік нөпірін сейілтті, сол сияқты "Нұрлы жол" жаңа вокзалына, Телман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті маңайына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қатынайтын жол орнады.

Сол сияқты А62 көшесі бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде) қозғалыс ашылды. Бұл көше Қарағанды тасжолы мен "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Осылайша, бұл көше аудандарды жаңа көпірмен байланыстыруға мүмкіндік жасайды.

Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайтын тағы бір көпір 2023 жылы ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасында қосымша байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Астанада зияткерлік көлік жүйесін дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Астанада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жылдамдығы 18%-ға ұлғайды, ал жол жүрудің орташа уақыты 20%-ға азайды. "Ақылды" бағдаршамдар кептеліс кезінде оңтайлы режим таңдауға мүмкіндік береді, осылайша көлік қозғалысын жеңілдетеді. Қалада бағдаршам нысандарының 40%-дан астамы зияткерлік функциялармен жабдықталған. Келесі кезеңде бағдаршам нысандарының шамамен 80%-ын аталмыш жүйемен қамту жоспарланып отыр.