Көктал-1-ге газ беру қалпына келтірілді

Көктал-1-ге газ беру қалпына келтірілді

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Көктал-1 тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пункттер шкафтары штаттық режимде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылды. 

Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды.