Аcтанада шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді

Аcтанада шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді

Елордада шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді. Чемпионат «Алау» мұз сарайында 29-30 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады. Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.

Чемпионаттың жас санаты және қашықтығы:

- Кіші жастағы қыздар мен ұлдар;
2009 ж.т. (II жартысы - 500м.)
2011 ж.т. (I жартысы - 333м.)

- А тобындағы ұлдар мен қыздар;
2011 ж.т. (II жартысы - 500м.)
2013 ж.т. (I жартысы - 333м.)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар;
2013 ж.т. (II жартысы - 333м.)
2015 ж.т. (I жартысы - 222м.)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар;
2015 ж.т. (II жартысы - 222м.)
2016 ж.т. және одан кіші 111м.)

Жарысқа еліміздің Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 180 қатысушы тіркелген. Олар екі күн бойы өздерінің бақтарын сынайтын болады. Сонымен қатар, аталған жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжғалиев құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Жарыстың ашылу салтанаты «Алау» мұз сарайында 29 қараша сағат 11:00-ге жоспарланған. Ал жарыстың өзі екі күн бойы таңғы 09:00-ден 14:00-ге дейін өтеді. Үздіктер қатысатын ASTANA OPEN қалалық ашық біріншілігін жіберіп алмаңыздар!