Елордадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс мезгілінің басталып, толассыз қар жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 1 қарашадан бастап қаладан 245 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 351 жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.
25 қарашадан 26 қарашаға қараған түні елордалық коммуналдық қызметкерлер полигондарға 30 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 2 189 рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан полигондарға 245 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 18,9 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.