Астанада 26 және 27 қарашада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді

Астанада 26 және 27 қарашада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді, онда елордалық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б.

Жәрмеңке Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты — астаналықтарға қолжетімдлікті қамтамасыз ету.