А.Забикулин мен А.Кемпіровтің отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

А.Забикулин мен А.Кемпіровтің отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетін болады.

Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, ал Аян Кемпіровтің жағдайы – орташа дәрежеде.