Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен түнде қаладан 7 мың текше метрден астам қар жиналып, шығарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін, яғни 18 қарашада қала көшелерінде қар мен мұзды күреуге 2 100-ден астам жол жұмысшысы шықты, сол сияқты мыңға жуық мамандандырылған техника жұмылдырылды.

17 қарашадан 18-іне қараған түні елордадан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ал қар полигондарына 600-ге жуық рейс жасалды.

Қыс мезгілі басталғалы бері барлығы 115 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 8 591 ауыр жүкті құрайды.