Елордадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды

15 қараша күні елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту үшін 2,3 мың Жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қыс мезгілі басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қар тазалау тәулік бойы жүргізіледі. 15 қарашада бұл жұмысқа 2,3 мың жол жұмысшысы және мыңға жуық мамандандырылған техника, оның ішінде қао тиегіш, самосвал және т. б. жұмылдырылды.

14 қарашадан 15 қарашаға қараған түні қаладан 8 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 658 ауыр жүкті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 4 708 рейс жасалды.