Астаналық спортшы Абзал Әжғалиев Әлем Кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

Астаналық спортшы Абзал Әжғалиев Әлем Кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

Астана қаласының спортшысы Абзал Әжғалиев АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жерлесіміз шорт-трекші 500 метрге жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып кетті. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со түйіндеді.

Айта кетейік, Юта штатында Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр.

Канаданың Монреаль қаласында өткен алғашқы кезеңде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір 5000 метрге жарыста әлем рейтингінде Ұлттық құрама 9-сатыда келе жатыр (12094 ұпай).