Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы мәліметті Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
20 қарашада Қазақстанда ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған дейін әкімдік елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн тексере алатынын хабарлаған болатын:
1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
3. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.