
Елордада Қарағанды және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Қала тұрғындарының көптеген өтініші бойынша жәрмеңкенің бірінші күні жұмыс күніне түскендіктен, ол 24 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жолы екі облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына 698 тонна
жоғары сапалы экологиялық таза өнімдерді ұсынды.
Оның ішінде: 430 тонна картоп, еттің барлық түрі-138 тонна, 95 тонна көкөніс, 13 тонна сүт өнімі, 5,5 тонна балық және балық өнімі, 200 мың дана жұмыртқа және 16 тонна өзге де өнімдер (шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш).
Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен болады.
Жәрмеңке 22-24 қазан аралығында Тұран 48 мекен-жайы бойынша өтеді. Келесі болып өз өнімдерін Ақмола облысының кәсіпкерлері ұсынады - 29-30 қазан. Бұл жәрмеңке биылғы жылдың соңғы жәрмеңкесі болады.