Елордада Есіл өзеніне балық шабақтарын жіберу іс-шарасы өтті

Елордада Есіл өзеніне балық шабақтарын жіберу іс-шарасы өтті

Астанада Есіл өзеніне балық жіберу іс-шарасы өткізілді. Жыл сайын өткізілетін бұл процесті барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады, бұл еліміздің су айдынындағы балық түрлерінің санын реттеу үшін маңызды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 000 ақ амур, 96 798 тұқы балығының шабағы жіберілді.

Күз - өзенді балыққа толтырудың ең жақсы кезеңі. Балық шабақтары Есіл өзеніне арнайы жабдықталған көліктермен тасымалданады.
Ақ амурды шын мәнінде тұқы тұқымдасына жатады. Ол тез өседі – жыл сайын шамамен 10 см. Ақ амур шөпқоректі, су және жер өсімдіктерімен қоректенеді.

Бұл балық нәзік, әрі етінің дәмділігінің арқасында жұртшылық арасында сұраныс жоғары. Бұл балық көп қоректенеді және жылдам өседі. Оның қорегіне көп нәрсе кіреді - қамыс өсінділері, балықтар мен бақалардың уылдырығы, құрттар, шаян тәрізділер, жәндіктер.

Балықтандыру Астана қаласы мәслихатының депутаты, елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, қалалық экология департаменті, Ақмола облысы бойынша "Қазақрыбхоз" балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы, “Жаснұр”ЖШС өкілдерінің, "Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығы"ЖШС, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы жанындағы экологиялық үйірменің 8 сынып оқушылары, елорда тұрғындары қатысуымен жүргізілді.