
Осыжылдың 9 қазанында сағат 07:00-ден 13:00-ге дейін елордада жыл сайынғы "Astana Marathon 2022" халықаралық марафоны өтеді. Осы уақыт аралығында қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марафон екі бағыт бойынша өтеді:
1) 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 километр қашықтық:
"ЭКСПО" аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр – Ұлы Дала көшесіне, Нәжімеденовке дейін Ұлы Далаға, одан әрі К1 – Оңтүстік және оңтүстік-батыс айналма жол – Қарқаралы – Қабанбай батыр – Хусейн Бен Талал – Қабанбай батыр – Рысқұлов тас жолы-және "ЭКСПО" аумағындағы мәре сызығы.
2) 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 километр қашықтық:
"ЭКСПО" аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр көшесіне дейін бастау – "Будапешт" ТК ауданындағы бұрылыс – Қабанбай батыр - Орынбор – Мәңгілік Ел-Рысқұлов-және "ЭКСПО" аумағындағы мәре.
Қауіпсіздік және көліктік кідірістерді болдырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарынан көшелердің жабық учаскелерін айналып өту үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.
Сонымен қатар Астанада қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілетін болады: №43, 46, 47, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 320, 323.
"Жолдардың жабылуына және қозғалыс схемаларының өзгеруіне байланысты қалалық және қала маңындағы маршруттар кешігіп келуі мүмкін.
Құрметті жолаушылар, түсіністікпен қарауыңызды және маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз!" - делінген CTS хабарламасында.