Астанада әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосыла бастады

Астанада әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосыла бастады

Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады.

30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.

Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермес үшін компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша арнайы желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.