Астанада "OTBASY DUATLON 2022" байқауы өтеді

Астанада "OTBASY DUATLON 2022" байқауы өтеді

 

Елордалық Триатлон паркінде 2 қазанда балалар жылына арналған "OTBASY DUATLON 2022" жарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Тіркеу нөмірлері 2 қазанда сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін беріледі. Жарыстарға қатысуға 8 жастан 9 жасқа дейінгі, 10 жастан 11 жасқа дейінгі және 12 жастан 13 жасқа дейінгі (іс-шараны өткізу күніндегі балалардың жасы) жас санатындағы балалар жіберіледі. Ата-аналардың жасы маңызды емес.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізіледі. Қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 км құрайды.

Әкелер сөре сызығынан 2,1 км қашықтықты бірінші болып жүгіріп өтеді, олар эстафеталық таспаны аналарға береді және транзиттік аймақта күтеді.

2,1 км велосипедпен екінші болып эстафетаны балаларға беретін аналар өтеді.

Үшінші жүгіріс мәреге дейін 200 м (8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас) жетеді. 

Жеңімпаздар I, II, III кезеңдерді аяқтаған отбасылар болады. Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты еңсеруге жұмсалған уақыт бойынша анықталады. Барлық қатысушылар жарысқа қатысқаны үшін медальдармен марапатталады. Үздіктер I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады: теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт-сағат, велосипед. 

Сонымен қатар, қатысушыларға "Dodo" мейрамханасының арнайы сертификаттары, "GALANZ bottlers" компаниясы ұсынған "Sevens"суы таратылады.

"OTBASY DUATLON"-ға тіркелу үшін мына телефондар арқылы хабарласу қажет: 87470545900 Дарын, 87079778001 Ризабек.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед ойнатылады.