Онлайн тыңдау: елорда мәслихаты азаматтарға үндеу жасады

Онлайн тыңдау: елорда мәслихаты азаматтарға үндеу жасады

Елорда мәслихаты азаматтарға қала атауын өзгерту жөнінде пікірін айту жөнінде үндеу жасады. 15 қыркүйек күні сағат 10:00-де осы мәселе бойынша онлайн тыңдаулар өтеді. Facebook, Instagram және т.б. әлеуметтік желілерде; БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының поштасына (maslihat_org@mail.ru) жіберілген ұсыныстар есепке алынып, ертең, 15 қыркүйекте жарияланады.

Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер Facebook (елорда мәслихатының ресми парақшасы) арқылы қатыса алады, БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады.

Бұған дейін ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткен. Күн тәртібіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе талқыланды. 2 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе қозғаған. Олардың ұсынысы Конституциялық заң жобасына да енгізілген.