Елордада өткен семинар-тренингте әйелдердің қоғамдағы рөлі мен отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды

Елордада өткен семинар-тренингте әйелдердің қоғамдағы рөлі мен отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысының бастамасы бойынша "Әйелдердің рөлін арттыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау" тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге комиссия мүшелері мен азаматтық сектор өкілдері қатысты, олар отбасындағы әйелдердің рөлі және отбасы институтын, мәдени құндылықтарды нығайту, дағдарыс жағдайында әйелдерге көмек көрсету туралы айтты.

Семинар-тренинг барысында Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" тақырыбында өткен жиында президент отбасылық өмірдегі жауапкершілікті қатаңдату мәселесін атап өтті. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету және қоғам сөгеді деп немесе біреудің тарапынан қысымнан қорқудың жолын кесу әдістері туралы атап өтті. Аталған тақырыптарды түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін комиссия бірқатар іс-шараларды жоспарлады.

Сонымен қатар, семинарда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға және олардың қауіп-қатер аймағына кіруіне жол бермеуге бағытталған заң жобасын түсіндіру мақсатында әртүрлі сипаттағы тақырыптық іс-шаралар жоспарланған.

Айта кету керек, бұған дейін комиссия мүшелері мемлекеттік отбасылық саясаттың жұмыс істеуі және оны іске асыру мақсатында елорданың әлеуметтік орталықтарына барды. 

Кездесу соңында қатысушылар проблемалық мәселелерді шешу бойынша пікір алмасып, алдын алу іс-шараларын өткізу туралы шешім қабылдады.