Нұр-Сұлтандағы Demalys promenad аллеясында Мектеп жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтандағы Demalys promenad аллеясында Мектеп жәрмеңкесі өтеді

Елордада Demalys promenad аллеясында 25-28 тамыз аралығында "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке 25-28 тамыз аралығында таңғы 10-нан кешкі 19-ға дейін өтеді.

Іс – шараны өткізу мақсаты-балаларды мектепке дайындауда халыққа көмек көрсету және қолдау көрсету.

Жәрмеңкеде кәсіпкерлердің де, отандық өндірушілердің де тауарлары төмен бағамен ұсынылады.

Сөрелерде ата-аналар мен балалар мектеп керек-жарақтарының барлық түрлерін таба алады: қаламдар, дәптерлер мен түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, "Құқық" қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл ретте балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар.

Мектеп жәрмеңкесі концерттік бағдарламамен жалғасады.