Әуезов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Әуезов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мұхтар Әуезов көшесіндегі жол төсемін жөндеуді бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 19-21 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сәкен Сейфуллин көшесінен Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазады бейінді басқармада.