Қараменде би мен Ақан сері көшелерінің қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Қараменде би мен Ақан сері көшелерінің қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Елордада жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты Қараменде би Шақалы мен Ақан сері көшелерінің қиылысы бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қараменде би Шакаұлы және Ақан сері көшелерінің қиылысындағы жол төсемін жөндеуді бастады. Осыған байланысты аталған учаскеде биыл 18-21 тамыз аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.