Елордалық бес кикбоксер V Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты

Елордалық бес кикбоксер V Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты

Естеріңізге салсақ, Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Бәсеке осы жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Ислам ойындарына әлемнің 56 елінен 4200 спортшы күш сынасуда.

Бұл сында Қазақстанның намысын спорттың 16 түрінен 125 спортшы қорғауда.

Сол сияқты кикбоксинг спорт түрінен өтіп жатқан жарыста 5 бірдей жерлесіміз финалға шықты. Олар: Әлихан Оздоев, Нұрсұлтан Жұмабаев, Берік Искаков, Мақсат Усип және Руслан Степанов.