Нұр-Сұлтанда Мұхтар Әуезов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады

Нұр-Сұлтанда Мұхтар Әуезов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады

16-20 тамыз аралығында елордада Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мұхтар Әуезов көшесінде жол жабынын жөндеу басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты, 16-20 тамыз аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ведомство осы себепті кешірім сұрап, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.