Елордада BI Group Ironman Kazakhstan бәсекесінің жеңімпазы анықталды

Елордада BI Group Ironman Kazakhstan бәсекесінің жеңімпазы анықталды

Елордада BI Group Ironman Kazakhstan ірі халықаралық жарысының жеңімпазы анықталды. Бәсекеде 8 сағат 13 минут нәтиже көрсеткен ресейлік Алекс Григорьев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алекс Григорьев жүзу кезеңінде 20 минутта қарсыластарын басып озды. Дәл осы қашықтықта екінші болып оның отандасы – Антон Березняк 8 сағат 49 минут нәтижесімен мәреге жетті. Ал үшінші болып қазақстандық Алексей Вшивцев (8 сағат 51 минут) мәреге жетті.

Әйелдер арасында ресейлік Валентина Кукрус (9 сағат 46 минут) бірінші болып жетсе, екіншісі – Түркияның өкілі Guney Merve (10 сағат 9 минут), үшіншісі – Ресей спортшысы Ирина Владимирова (10 сағат 23 минут) келді.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа әлемнің 56 елінен 1700 триатлет шықты. Жарысқа «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіби триатлоншы Екатерина Шатная, «Алматы Марафонының» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева және өзгелері қатысты.

Жеңімпаздар Гавайи, Кайлуа-Кона аралындағы IRONMAN әлем чемпионатына 45 слот алды.