Елордада Мәңгілік Ел даңғылында жол төсемін жөндеу басталады

Елордада Мәңгілік Ел даңғылында жол төсемін жөндеу басталады

Жол төсемін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша толығымен жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемінің (асфальт жамылғысының жоғарғы қабаты) жөндеу жұмысы басталғаны туралы хабарлады.

Осыған байланысты, 12-15 тамыз аралығында Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық жабылатын болады, сол сияқты 15-20 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде де көлік қозғалыс толық шектеледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп ескертті ведомствода.