Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сауран көшесінде жол төсемін жөндеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 10-13 тамыз аралығында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.