Көрмелер мен әдеби сағаттар: Нұр-Сұлтанда Абай күні қалай атап өтіледі

Көрмелер мен әдеби сағаттар: Нұр-Сұлтанда Абай күні қалай атап өтіледі

10 тамызда қазақтың бас ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының 177 жылдығы атап өтіледі. Елордада бұл күні ұлы ойшылға арналған бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінде ақынға арналған «Абай дара, Абай дана қазақта» атты дәріс өтеді. Оның ішінде Сәкен Сейфуллин музейінде «Абай әлемі» атты поэзия кеші өтеді. Кеш барысында зерттеушілермен, абайтанушылармен кездесу өтіп, ақынның шығармалары мен өлеңдері оқылады.

«Абай дана, Абай дара қазақта» поэзия сағатында Орталық қалалық кітапханада сағат 11:00-де ақынның шығармашылығы туралы толығырақ білуге болады. Сағат 12:00-де қазақ ойшылына арналған «Абай – ұлы тұлға» атты тағы бір іс-шара өтеді, онда елорда тұрғындары көрнекті ағартушының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін бағалауға, оның патриот, азамат және ақын ретіндегі тұлғасының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Сағат 12:00-де №2 қалалық кітапханада Мұхатар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасына арналған әдеби сағат өтеді.

Ұлы Ақынның қалыптасуы туралы тыңдап қана қоймай, өмірі туралы әдеби композицияны қуыршақ театрында тамашалауға болады. Астаналықтар сағат 16:00-де К.Ежембектің «Жарық сәуле» қойылымын тамашалайды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде, «Алаш» залында «Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары мен туыстары» көрмесін тамашалай алады. Көрмеде Абайдың туыстары мен ұрпақтарының фотосуреттері көрсетілед. Сондай-ақ, елордада Орталық кітапхана «Аққүға үнін қосқан – кемел дарын» атты көрмелер циклін бастайды. Көрмеде Абайдың ғана емес, халқымыздың өзге де жазушылары мен ақындарының алуан түрлі шығармашылығымен танысуға болады.