«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер және грантты беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген критерийлерге (рейтингтік көрсеткіштерге) сәйкес келетін конкурстық комиссияның қарауына материалдар «Гранттар конкурсы» деген белгісі бар конвертте 2022 жылғы 8-12 тамыз аралығында Білім басқармасының кеңсесіне тапсыру қажет.