Нұр-Сұлтанда Қарасу өзенінің бойында экосенбілік өткізілді

Нұр-Сұлтанда Қарасу өзенінің бойында экосенбілік өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Clean City NC" ЖШС, "Астана Жастары" КММ және "Байтақ Болашақ экологиялық альянсы" РҚБ бірлесіп Қарасу өзенінің бойында "Таза су" экологиялық акция-сенбілігін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілік қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау аясында өтті. Барлығы 260 келі немесе 92 қап қоқыс жиналды. Оның 53-і қайталама шикізаты бар қап, қалғаны қайта өңделмейтін қалдықтар.

Акцияға 80 волонтер қатысты.

Қарасу өзенінің жағалау аумағы ретке келтірілді.