Бүгінгі таңда елордалық стационарлардың қуаттылығы 634 ковидті төсек-орынды құрайды, оның 75-і – реанимациялық. Бүгінгі таңда коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге 7 инфекциялық стационар тартылған. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, бүгінде инфекциялық стационарларда 260 науқас ем алуда, оның 238-іне коронавирус диагнозы қойылған, тағы 22 науқас пневмониямен емделіп жатыр. 17 науқас – жансақтау бөлімінде, 2 адам ӨЖЖ аппараттарына жалғанған.
153 пациент КВИ-ға қарсы вакцинациядан өтпеген, ал бұрын екпе алғандар саны – 107 адам.
«Пандемия басталғаннан бері қаламызда коронавирустық инфекцияны анықтау үшін 3,3 миллионнан астам ПТР-тест өткізілді. Өткен тәулікте 586 жаңа жағдай анықталды. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 150-ге жуық науқас тіркеліп, 20 адам ауруханаға жатқызылуда», - деді Мұратов.
Жыл басынан бері тек стационарларда COVID-19 инфекциясынан 6 мыңға жуық адам емделді, өлім көрсеткіші 3%-ды құрайды.
20 шілдедегі жағдай бойынша МСАК ұйымдарында 1475 (балалар – 202, жүкті әйелдер – 79) пациент коронавирус инфекциясынан амбулаториялық ем алады.
«Жедел жәрдем бригадаларының – 103 қызметінің және БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадалардың жұмысын атап өткім келеді. Тек өткен тәулікте жедел медициналық жәрдем станциясына жүгінгендер саны 3768-ді құрады; шақырулар саны – тәулігіне 2161; КВИ бойынша шақырулар саны – тәулігіне 37», - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ол коронавирустың өсуінің негізгі себептері ретінде инфекцияға қарсы иммунитеті бар адамдар үлесінің төмендеуін атады. Вакцинацияланған адамдар мен соңғы 6 айда ауырып, антиденелер деңгейі жоғары адамдар саны азайды.
Тимур Мұратов өз сөзінде вакицна алдын алу шарасы болып саналады.
Бүгінгі таңда 533 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алды. 515 мыңға жуық астаналық иммундаудың толық курсынан өтті. Елордалық емханаларда 34 екпе кабинеті жұмыс істейді.
Ревакцинацияға келетін болсақ, 20 шілдеде 151 мыңға жуық адам бірінші кезеңнен өтті. Ревакцинацияның толық циклын шамамен 6 мың адам алды. Қайта ревакцинациядан 61 мыңнан астам адам өтті.
«Әсіресе, коронавирустық инфекцияның ауыр ағымына жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалар және денсаулығына байланыста тіркеуде тұрғандар жатады: семіздік, жүрек ауруы, бас ауруы, қан тамырлары, бауыр және бүйрек аурулары бар үлкен жастағы және мультиморбидті пациенттер. Балалар арасында індеттің таралуы олардың науқастармен байланыста болуы ғана емес, балалардың вакцинацияланбауымен және коронавирустық инфекцияға қарсы жасанды иммунитетінің болмауы себеп болып отыр. Олардың іс жүзінде антиденелері жоқ. Қазір қалада 55 бала КВИ, 132 бала пневмониядан емделуде. Қазіргі басты міндетіміз – өткен жылдың жазында болған жағдайды қайталамау. Бәріңізді санитарлық нормаларды ұстануды, жеке гигиенаны есте сақтауды және өз денсаулығыңызды сақтауды сұраймын!» - деп сөзін қорытындылады Мұратов.