
Елорданың халықаралық әуежайының уақытша түнгі жұмыс режиміне көшуіне байланысты қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін түнгі уақытта автобус маршруттарын іске қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
«15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында әуежайға қоғамдық көліктің түнгі рейстері қатынайды. Мұндай шешім астаналық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша ауысуына байланысты қабылданды», – делінген хабарламада.
Жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету №10 бағдармен жүргізілетін болады.
№10 бағдардың түнгі рейстерінің әуежайдан шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59. Маршруттың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.