Қарасай батыр көшесіндегі учаске уақытша жабылады

Қарасай батыр көшесіндегі учаске уақытша жабылады

Елордалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының және қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қарасай батыр көшесі учаскесінде жол төсемін ашу арқылы жылу жолын монтаждау жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 11 шілдесі мен 25 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қарасай батыр көшесінің Бұланты көшесінен Арақарағай көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарманың хабарламасында.

Схема