Елорда тұрғындарының саны 24 жыл ішінде төрт есеге жуық өсті

Елорда тұрғындарының саны 24 жыл ішінде төрт есеге жуық өсті

Ел астанасы ауысқан сәттен бастап 24 жыл ішінде қала тұрғындарының саны (1998 жылғы) 326 мыңнан (2022 жылы) 1 миллион 262 мыңға дейін төрт есеге жуық өсті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы әйелдер саны әдеттегідей басым. 1998 жылы қалада 174 мың әйел адам мен 152 мың ер адам тұрса, қазір бұл сандар сәйкесінше 657 мың (52%) және 605 мың (48%).

24 жыл бұрын елордада 3400 бала дүниеге келді, 2021 жылы 31 мың бала дүниеге келді. Осылайша, бала туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға дейін өсті (мың адамға шаққанда). Ел астанасы ауысқан жылы мұнда 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, қазір олардың саны 147-ге дейін өсті. Ал ауруханалар саны үш есеге артты: 15-тен 45-ке дейін.