Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтеді

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтеді

Бүгін елордада Ұлттық домбыра күніне орай "Жас домбыра" шоу-концерті өтеді. Кеште танымал күйшілермен қатар әншілер де өнер көрсетеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді.

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары бұл мерекеде "Жас домбыра" концертін тамашалай алады. Әйгілі күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет пен Қазанғаптайтың күйлері көрерменнің құлақ құрышын қандырмақ.

Кеште Айгүл Үлкенбаева, Нұржан Тәжікенов сынды белгілі күйшілер мен танымал әншілер де өнер көрсетеді. Олардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева Ерболат Құдайбергенов, Қуандық Рахым, Ардақ Балажанова және Әлішер Каримов бар.

"Жас домбыра" шоу-концерті кешкі сағат 20:30-да Тәуелсіздік алаңы, "Қазақ елі" монументінің алдында өтеді.