"Бірге-таза Қазақстан!": елордада Сарыбұлақ жылғасы мен Нұра-Есіл арнасының аумақтары тазартылды

"Бірге-таза Қазақстан!":  елордада Сарыбұлақ жылғасы мен Нұра-Есіл арнасының аумақтары тазартылды

2 шілде күні Нұр-Сұлтанда "Бірге-таза Қазақстан!" экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ бұлағы мен Нұра-Есіл арнасын тазалау бойынша сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Сенбілікке еріктілер, басқармалар, аудан әкімі аппараттары мен Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің ұжымдары белсенді қатысты.

Сенбілікке 545 адам, 26 ұйым қатысты.

Полигонға 20 тонна қалдық жиналып, шығарылды.