Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ауқымды түрде түрленеді

Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ауқымды түрде түрленеді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде бірқатар аулаларға барып, тұрғындармен оларды одан әрі абаттандыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді ауқымды түрде абаттандыруды ары қарай да жалғастырамыз. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін ғана емес, сол сияқты спортпен айналысуына көбірек орын болуы үшін жасалып жатыр.

Абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданында, сондай-ақ елді мекендерде де жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, осыған дейін бос жатқан орындар мен батпақты тұстар және т.б. учаскелер енгізіледі.

Қаланы аралау барысында Сейфуллин, 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин, 1, 3/1, Кравцов, Целинный ш/а және өзге де мекенжайларда орналасқан аулаларға бардым.

Биыл жүргізілетін жұмыстардың көлемін ескерер болсақ, абаттандырылған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 700-ге жетеді. Бұған қоса қолданыста бар аулаларға да көңіл бөлеміз. Қала тұрғындарын абаттандырылған орындарға ұқыпты қарауға шақырамын, себебі аулалардағы барлық жағдай тұрғындар үшін жасалады", – деп жазды әкім.

 

Фото: Александр Куприенко