Елордада «Астана Балет» театры «Жібек жолы» жаңа қойылымын сахналайды

Елордада «Астана Балет» театры «Жібек жолы» жаңа қойылымын сахналайды

18 және 19 маусым күндері «Астана Балет» театрында Мукарам Авахридің хореографиясындағы «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Либреттоның авторы – белгілі қазақстандық ақын және сценарист Бақыт Қайырбеков.

Қазір дайындық жұмысы аяқталып қалды. Әртістердің дайындықтарының қатаң кестесі бар. Жақында «Астана Балет» театрының шымылдығы ашылады, Арман Амар мен Ренат Гайсиннің жан тебірентер музыкасының әуенімен көрермен қауым Жібек матасының жасалуы мен оның ұлы жолы туралы таңғажайып оқиғаны тамашалай алады. Балет құру идеясы театрдың арт-менеджері Әсел Исабаеваға тиесілі.

«Жібек жолы» балетіне дайындалу барысында матаның өзі туралы көп мәлімет білдім. Осы себепті бұл жаңа жобаның тақырыбы мені қызықтыра түсті, өйткені мен өзімді таң қалдыратын, қуантатын, шабыттандыратын жаңа ақпарат іздеймін. Мен бұл қызықты процесті хореографсыз елестете алмаймын. Либреттоны қарапайым әңгіме немесе астарлы әңгіме сияқты жазуға болады дегенге сенбеймін. Тек Мукарамның жұмысы және оның экспрессивті құралдарды іздеудегі табандылығы, шығармашылық табиғатына адалдығы – бұл жобаны табысты жүзеге асыруыма шабыт сыйлайды. Міне осыны шығармашылық жұмыс деп атайды», – деді либретто авторы Бақыт Қайырбеков.

Асқар Ысқақовтың бірегей сценографиясы мен суретшілер – Әсел Шалабаева мен Дина Буксикованың әсемдеуі бойынша ғажайып костюмдер театрдың көркемдік-өндірістік цехтарын жаңғыртады. Қоюшы режиссердің түпкі ойын жеткізу үшін бейнесюжет Нұрлан Керейдің жетекшілігімен дайындалды.

«Костюмдер жасау бойынша жұмыс ерекше бағытта өтеді, би балетінің костюміне қарағанда сәл стандартты емес, тәжірибеден өтеді. Сол себепті Мукарам бізді, яғни кино суретші Дина екеумізді жобаға шақырды. Бізге де оңай емес, себебі алдымызда бұрын-соңды болмаған костюм дайындау міндеті тұр. Тарихи фильмдердің талаптарына сай оның еш жері күрделі, ауыр болмауы керек. Мен минимализм деп айтпаймын, өйткені негізгі ақпаратты суретшінің қозғалысы мен денесі көтереді. Біз 220 костюм жиынтығын жасауды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 750 атау. Жоба ауқымды және қызықты», – деп бөлісті костюм бойынша суретші Әсел Шалабаева.

Балет қою туралы идеяны бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның көмектесуімен балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры жүзеге асырады.

Премьера Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.